Қызылордада «Алтын белгіге» 301 үміткер таласады
7 сәуір 2014
Биылғы жылы Қызылорда облысында 7066 оқушы мектеп бітіреді. Қазір түлектердің 74,3 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Олардың арасынан «Алтын белгіге» 301, үздік аттестатқа 99 оқушы үміткер, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтетін болып бекітілді. Облыс бойынша 8 тестілеу орталығы бар. Оның алтауы аудан орталықтарында орналасқан. Жылдағы тәртіпке сәйкес, Жалағаш пен Сырдария ауданының мектеп бітірушілері облыс орталығында сынақ тапсырады. «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру» орталығында мыннан астам түлек арнайы курстан өтті. Оларға тәжірибесі мол ұстаздар білім берді. Биылғы ҰБТ көрсеткіші өткен жылғыдан да жоғары болады дейді мамандар.
inform.kz




