Білім министрлігі шенеуніктерінің үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды
Білім министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды деп хабаралайды "Қазақстан жаңалықтары" қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ағымдағы жылдың 1-2 сәуір күндері 2012 жылы Қарағанды мен Қызылорда қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту шараларын жүргізуге бөлінген 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты тағы 2 қылмыс қозғалды", - делінген хабарламада.
Астана қаласының қаржы полициясы департаменті Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Шымкент қалаларына балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бөлінген 59 млн теңгені ұрлау фактісі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Осылайша, аталған қылмыстар салдарынан ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген шығындардың жалпы көлемі шамамен 76 млн теңгені құрап отыр. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, нәтижелеріне қоғам назарына ұсынылатын болады.
Читать полностью: http://news.nur.kz/308553.html
news.nur.kz




