Қазақ жастары нелiктен Кореяда оқуды армандайды?

12 наурыз 2014

Жуырда ғана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң магистранты Айгерiм Шәлiмбаева Сеул қаласынан оралды. Оңтүстiк Кореяның Донгук қаласында бiлiмiн шыңдап, бiлiктiлiгiн арттырған бойжеткенмен әңгiмелескен едiк. Жалпы, дамыған елдердiң бiлiм саласындағы жетiстiктерi мен ерекшелiктерi газет оқырмандарына да қызықты болар деген оймен шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз 

Оңтүстiк Кореяның оқу жүйесiнде қандай өзгеше­лiк­тер бар екен. Сiздi ерекше таңдандарған нәрсе не?
– Басты ерекшелiк, елiмiзбен салыстырғанда оқу жүйесi еркiн жүргiзiледi. Сондай-ақ, барлығы электронды түрде. Яғни, сту­дент­тер берiлген тапсырмаларды электронды нұсқада тапсырады. Бүкiл сабақтар ағылшын және корей тiлiнде жүргiзiледi. Ұстаздармен еркiн қарым-қатынаста болдық. Оқудан тыс уақытта өзге елден келiп отырғанымызды ескерiп, бiзге қосымша уақыт бөлуге тырысатын. Бұл бiз­ге оқу­дың жаңа үлгiсiне тез бейiм­де­луiмiзге үлкен септiгiн тигiздi. Маған бiлiм беру жүйесi, жалпы мәдениетi, барлығы ұна­ды. Алдағы уақытта АГУ-дың магистратурасын тәмамдап, оқу­ым­ды осы елде жалғастыр­ғым келедi.

Сонда ешқандай қиындық кездеспедi ме?
– Қиындық қалтаңызға байланысты . Экономикасы дамыған ел болғандықтан мұндағы азық-түлiктiң бағасы өте қымбат. Мысалы, нан бiздiң теңгеге шаққанда 350-400 теңге. Жемiс-жидек өте қымбат. Мандарин мен апел­синнiң жарты келiсi — 600 теңге. Бiздiң елмен салыстырғанда азық-түлiк бағасы 3-4 есе жоғары. Сондықтан тарта жеуге мәжбүр болдық.

Ал студенттер қалай өмiр сүредi?
– Студенттердiң стипендиясы бiздiң елдегi жұмысшылардың жалақысымен тең. Мысалы магистранттар 900 мың вон алады. Бұл – 140 мың теңге. Алайда мемлекеттiк грантта оқитындар тым аз. Көбiсi ақылы негiзде бiлiм алады.

– Кореяде мұғалiмдер пара ала ма?
– Жемқорлық, парақорлық дегенiңiз бұл елде атымен жоқ. Университет көлемiнде айтар болсам, бiрде-бiр студенттiң пара бергенiн естiмеппiн. Әркiм өзiнiң оқу үлгерiмiне байланысты бағасын алады. Себебi Кореяда жоғарғы оқу орнында тек оқуға ниеттi адамдар ғана бiлiм алады. Бiздегiдей “елден қалмай оқуға түсе салу” деген түсiнiк мүлде жоқ.

Ал халық заңды сыйлай ма немесе кәрiстердiң заңы халықты қорғай ма?
– Оңтүстiк Кореяда ұрлық-қарлық, алаяқтық деген кездес­пей­дi. Бiреуге бiреу зорлық-қорлық жасай алмайды. Сол себептен ешкiм ешкiмнен бұқпайды, қаймықпайды. Тiптi көшеде ештеңеден қорықпай, күндiз-түнi жүре беруге болады. Мұнда қылмыс түп-тамырымен жойылған. Барлық жер тап-таза, үйсiз-күй­сiз қаңғыған адамдар жоқ. Барша жұрт тәртiпке бағынған. Көшедегi ел ешқашан қызыл шам жанып тұрған жолдан өтпейдi. Олардың туа бiткен ең­бек­қор­лығы менi таңғалдырады. Ко­рей елiнiң көптеген жақсы қасиет­те­рiн бiздiң халқымызға да берсе ғой деп армандаймын.

Кәрiстер ұлт­тық салт-дәстүр­лерiн ерекше құр­мет­тейдi деп ести­мiз...
– Мен мына бiр нәрсенi айта кеткендi орынды көрiп отырмын. Кәрiстер дәстү­рiн сыйлайды, бiрақ дарақылыққа бой алдырмайды. Кореядағы ресми демалыс жылына 5-ақ күн. Соның өзiн көптеген адамдар өз еркiмен 3 күнге дейiн қысқартады екен. Кәрiстер үшiн уақыттың әрбiр сәтi құнды.

Сiздер осы уақытты қаншалықты пайдалана алдыңыздар?
– Бiз Сеулде 105 күн оқыдық. Бұл аз емес, бiрақ көп те емес. Үш ай уақыт iшiнде бөтен елге сiңiсiп кету қиын. Бiз Сеулде әй­гiлi әншi Псайдың “Gangnam Style” әнiнде аты аталатын Каннам ауданында тұрдық. 11 млн. халқы бар бұл қаланы танып-бiлу әрине мүмкiн емес. Алғаш бар­ған сәттен бастап әрқайсымыз бiр-бiр картадан сатып алғанбыз. Университетке метромен барамыз. Сеул метросы едәуiр үлкен, бiр тармағында 30 шақты станса бар, ал мұндай тармақтардың саны оннан асады. Университетке алғаш барған күнi үйге қайтар жолда метроға отырып, өзiмiзге қажеттi бекеттен түстiк. Алайда бұл бекеттен шығатын 12 жол бар екен. Бiз алғаш метроға мiнген кезде бұған мән бер­меппiз. Олардың өзара арақашықтығы да бiршама жер. Бес қыз бөлiнiп, өзiмiздiң шығар жолымызды iздеуге кiрiс­тiк. Осы­лай жерасты бекетiнде сыртқа шығар жолымызды таба алмай 4 сағаттай жүрдiк. Бiр жақсысы, Сеул метросының стансаларында тегiн телефон бар. Осы телефоннан қалалық және ұялы телефондарға қоңырау соғуға болады. Бiрақ сөйлесу уақыты 3 минуттан аспауға тиiс. Метроның әрбiр стансасында тегiн электрондық карталар орнатылған. Осындай мүмкiндiк­тердiң арқасында бiз iздеге­нiмiздi таптық.

Қала көркi әдемi шығар, құрылыс нысандары туралы не айтуға болады?
– Кореяда ерекше көзге түсетiн нәрсе – үйлердiң шатырлары. Кәрiстер жердiң әрбiр ұлтарақтай бөлiгiн кәдеге жаратады. Бұл жер көлемiнiң шағын болғандығынан шығар. Оның үстiне Сеулде жылжымайтын мүлiк аса қымбат. Мысалы, ғимараттың төбесiнде демалатын орын ретiнде бау-бақша өсiрiлуi мүмкiн. Шағын мейрамхана немесе тiптi спорт алаңы да орналасуы ғажап емес.

Жастар бос уақытын қалай өткiзедi?
– Бiз оқыған университеттiң кi­тап­­ха­насы түнгi 12-ге дейiн ашық тұрады. Қаланың өзге де аймақтарында кiтапха­налар түнi­мен жұмыс iстей бе­редi. Ал жастардың көбi, мiне, осындай жерден табылады. Бiрақ бұл елдiң жастары түнгi клубтарда қы­­дыр­ғанды да жақсы көредi. Негiзiнен бiр байқағаным, көпшi­лi­гiнiң айналысатын сүйiктi хоб­биi бар. Ол – саз балшықтан бұ­й­ым жасау немесе музыкаға құш­тарлық, өнерге iңкәрлiк болуы мүмкiн.
Жалпы, кәрiс халқы мейрiмдi әрi кiшiпейiл. Маған бiр ұнағаны – олар әрбiр iске, тiптi болмашы нәрсеге үлкен жауап­кер­шiлiкпен қарайды. Дүкендерде, қоғамдық орындарда қызмет көрсету деңгейi өте жоғары. Сондай-ақ, бұл халық әр нәрсенi салыстыруға құмар. Салыстыру арқылы жетiлiп отырады.

– Әңгiмеңiзге рахмет!
Сұхбаттасқан

Жазира БЕРҒАЛИЕВА,

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 770