«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды дайындау мен қабылдау барысы түсіндірілді

5 наурыз 2014

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды дайындау мен қабылдауды түсіндіру науқанын жүргізу мақсатында Семей қаласында брифинг өткізді, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан.

Қалалық әкімдікте өткен кездесуге мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Жиында халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті Айгүл Надирова «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер, үміткерлерден құжаттар қабылдау мерзімдері, құжаттар тапсыру рәсімдері, биылғы конкурсты өткізу шарттары мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру шаралары туралы мәлім етті. Сондай-ақ, мұнда қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 590