Апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі 2014 жылы түбегейлі шешіледі
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында апатты мектеп мәселесі толық шешіледі.
Облыс әкімдігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 89 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген. 2013 жылы Петропавлда 3 балабақша пайдалануға берілді. Бұл 219 орын. Оған қоса, аудандарда 175 орынға шақталған 5 шағын орталық есігін айқара ашты.
Белгілі болғандай, биыл аудандарда мектепке дейінгі білім беру 100 пайыз қамтамасыз етілмек. Былтыр Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылында 80 орындық жаңа мектеп ашылды. Мамлюткада 300 орынға есептелген мектептің құрылысы жалғасуда. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Буденное ауылындағы апаттық жағдайдағы мектептің орнына басқасын салу үшін облыстық бюджеттен 100 млн.теңге қарастырылған. Биылғы жылдың екінші жартысында «Назарбаве зияткерлік мектебі» пайдалануға берілмек. Заманауи мектеп 720 оқушыға арналған, 120 орындық жатақханасы да бар.
inform.kz




