Астанада үш ауысымды мектептер мәселесі 2015 жылы шешіледі
2020 жылға дейін Астанада 100 балабақша салынады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуде елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Әкімнің сөзіне қарағанда, қалада оқушылар орындарының тапшылығы 23 мыңға жетті.
«Қалада үш ауысымдағы білім беру - жаңа құбылыс. Екі жыл бұрын осындай жағдай болмаған еді. 2012 жылдан бергі көші-қонның жоғары деңгейінен, яғни қалаға жыл сайын мектеп жасындағы 5 мыңнан астам бала келген кезде, қалалық 5 мектеп үш ауысымдағы тәртіпке көшуге мәжбүр болды», - деді қала басшысы.
Осы мәселені шешу үшін 2013 жылы 4 мектеп тапсырылса, биыл тағы 9 мектеп пайдалануға берілмек. Алайда, бұл нысандарды тапсырғанымен де қалада үш ауысымдық жағдай сақталады. Сондықтан бұл мәселе 2015 жылы шешіледі деп күтілуде, өйткені, алдағы жылы 9 жаңа мектеп есіктерін ашатын болады.
inform.kz




