Батысқазақстандық университет басшысын зейнетке шығарып салды

18 ақпан 2014

17 ақпан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде аталмыш оқу орнының ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымовты зейнетке шығарып салу рәсімі болды.

Жиынға қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев Қазыбай Қараұлы басшылық еткен мерзімде университеттің материалдық-техникалық базасы нығайып, қазіргі заман талаптарына сәйкес дами түскенін атап өтті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қ.Бозымовтың университетпен бірге облыстың агроөнеркәсіп саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын айтып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Алпыс бес жасқа толып отырған Қ.Бозымов аталмыш ЖОО-да қырық жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп, қатардағы оқытушылықтан ректорлық қызметке дейінгі жолдан өтті.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 648