Нұрсұлтан Әбішұлы данышпандық «еуразиялық» идеяны өте дер кезінде айтты - ММУ ректоры В.Садовничий
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде «еуразиялық» идеясын қозғады.
Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасына берген эксклюзивтік сұхбатында осы университеттің ректоры Виктор Садовничий айтты.
«Біріншіден, «Еуразиялық» деген идеяны табиғаттың өзі тарту еткен. Қоғам ежелден соған қарайлас қалыптасқан. Біз байырғы көршілерміз, осы ересен кеңістікте бірге өмір сүріп келеміз. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері алдында мәлімделген «Еуразиялық» идеясы бірден құнарлы топыраққа түсті. Өйткені, біздің елдеріміздің қарым-қатынасының өзі осы құнарлы алқапқа негізделген», - деді Садовничий. .
«Жылдар жылжыған сайын оның жақтаушылары мен қолдаушылары көбейе берді. Біз енді нәтижеге көз қанықтырып, көңіл толтыра аламыз. Ақырында, осы идеядан Еуразиялық экономикалық одақ сияқты нақты құрылымдар пайда болды және бұл біздің ынтымақтастығымыз», - деп атап көрсетті ММУ ректоры.
Ол Ресей Федерациясы өте достық рәуіште «еуразиялық» идеясын жүзеге асыруға қызу қатысты, деп атап өтті. .
«Нұрсұлтан Әбішұлы бұл данышпандық идеяны өте дер кезінде айтты. Біздің жолымыз осы күрежолмен өтетініне біздің ешқандай күмәніміз болған жоқ», - деді В.Садовничий
inform.kz




