Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдаудың маңыздылығына баса көңіл бөлді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дарынды балаларды анықтау мен оларға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ол Назарбаев зияткерлік мектебінде болған кезінде айтты.
Елбасының пікірінше, мұндай балалар біліктілігі жоғары мамандар болып, ел игілігіне қызмет етулері үшін жақсы білім алулары тиіс.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алушыларға жасалатын жағдай мен мүмкіндіктер әдеттегі білім мекемелерінде де қарастырылуы керектігіне тоқталды.
Атырауда ашылған 720 оқушыға арналған осы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі 2013 жылдың қыркүйек айында ашылған. Мектепте қатаң іріктеуден өткен аймақ ұстаздары сабақ береді. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Румыния, Ирландия елдерінен келген 12 оқытушы да бар.
Мұндағы ұстаздар Назарбаев зияткерлік мектебі облыстың басқа да мектептерін жоғары деңгейге көтеретін аймақтың жетекші білім ордасына айналады деп санайды.
inform.kz




