Қызылорда облысында 52 мектеп білім берудің электронды жүйесіне қосылды

6 ақпан 2014

Қызылорда облысында 52 мектеп білім берудің заманауи электронды жүйесіне қосылды. Бұл туралы облыстық телекоммуникация дирекциясы «Мегалайн» бастауыш партия ұйымы Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған жиында мәлім етті.

Міндетті орта білім беру саласын ақпараттық жүйелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Қызылорда филиалы өңірдің 245 мектебін жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етті. 52 мектеп білім берудің заманауи электронды жүйесіне қосылды. Биыл осы жүйеге облыста тағы 65 мектепті қосу жоспарланып отыр.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 596