Павлодарлық оқушылардың жобалары Ресейде өткен турнирде үздік деп танылды
Ресей Федерациясының Мәскеу облысы Протвино қаласында өткен «Компьютерлік физика-2014» халықаралық турнирінде 5 павлодарлық оқушы жеңімпаз атанды. Ал төртеуі арнайы жүлделерді иеленді, деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасынан.
Павлодарлықтар Ресей мен Қазақстанның 40 командасы жарысқа түскен «Жас физиктер турнирі» байқауында үлкен табыстарға қол жеткізді. Өңір мектептерінің 19 жоғары сынып оқушыларынан құралған команда турнирде физикадан 12 жоба ұсынды.
Павлодар облысының командасы финалға шығып, Қостанай мен Тольятти командасын алға жіберіп, үшінші орынды иеленді.
Бұл турнир дарынды балаларды қолдайтын «Глюон» халықаралық зияткерлік клубының бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - физика, математика және информатика салалары бойынша жас зияткерлердің шығармашылық қабілеттерін белсендіру тәсілдері мен түрлерін іздестіріп, жүзеге асыру.
Павлодар командасының барлық мүшелері турнир дипломымен марапатталды.
inform.kz




