2016 жылы Астанада үш ауысымда оқыту толықтай жойылады - қала әкімі

21 қаңтар 2014

2016 жылы Астанада үш ауысымда оқыту толықтай жойылады.

Бұл туралы бүгін әкімдікте Жолдауда жүктелген міндеттерді талқылауға арналған қала активінің отырысында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Өткен жылы елордада 4 мектеп салынды, ал биылғы жылы 10 мектеп пайдалануға беріледі және тағы 5-еуінің құрылысы басталады. Осылайша біз 2016 жылға қарай үш ауысымда оқытудан толықтай арыламыз», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, егер Астанаға өзге аймақтардан халықтың келу қарқыны осыншама үлкен болмағанда, еліміздің бас қаласы екі ауысымда оқыту жүйесіне биыл көшетін еді.

«Тағы бір мәселе - кәсіптік орта білім беру мекемелерінің құрылысы мен олардың еңбек нарығына сай сапалы қызмет көрсетуі», - деді ол.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 613