Қазақстанда жоғары білімге бөлінетін қаржы Еуропа елдерінен 5 есе төмен - Т.Балықбаев

17 қаңтар 2014

Қазақстанда жоғары білімге бөлінетін қаржы Еуропа елдерінен 5 есе төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев айтты.

«Бүгінгі таңда біздегі жоғары білім беруге бөлінген қаржыландыру өткен жылы 106,5 млрд. теңге болды. Бұл біздің Жалпы ішкі өнімнің 0,4 пайызын құрайды. Ал Еуропа елдерінде жоғары білімді қаржыландыруға жұмсалатын қаржы 2,2 пайыз. Біздікі орташа есеппен 5 есеге төмен», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда 1999 жылы жоғары білім беруді қаржыландыру моделі енгізілген. Содан бері 15 жыл өтсе де, әлі күнге сол модельді пайдаланып келеміз.

«Ол модельдің негізгі идеясы бүгінгі таңда 106,5 млрд. теңгенің 102,9 млрд-ы немесе 96 пайызы студенттерді оқыту грантына беріледі. Басқа қосымша қаржы бөлініп жатқан жоқ. Ал бұл қазіргі уақытта жоғары білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жаңа міндеттерге сай келмей отыр», - деді Т.Балықбаев.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 544