Білім министрі сапасыз оқулықтардың себебін түсіндірді

14 қаңтар 2014

Еліміздің Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұртшылық көкейінде жүрген бірнеше сұраққа 24 арнаның тікелей эфирінде жауап берді.

Ведомство басшысы сапасыз оқулықтарға қатысты шешілмей келген түйткіл барын мойындап, оқулықты құрастырушылардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтты.

"Оқулықты мақұлдау 2-3 айдың ішінде дереу жүргізіледі. Кітаптің сапасыздығы да осыдан. Осы ретте үш тарапты да жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Сонымен қатар кітап басу нарығында бәсекелестік орнату қажет", - деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Қазақстандықтарды толғандыратын бірыңғай ұлттық тест жүйесі де назардан тыс қалмады. Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, келер жылдан бастап жүйе өзгереді.

Сондай-ақ, кездесуде мектеп оқушыларына әлімжеттік көрсету жайы сөз болды. Министр шәкірттерін қорлаған ұстаздар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау аудан, облыстық деңгейде жүргізіледі. Бірақ бұған біз жауап бермейміз деп айта алмаймыз. 100 мың оқытушы 3 жылда біліктілігін көтеру курстарынан өтеді. Сәйкесінше, олардың жалақылары өсетін болады", - деді ол.

Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/298018.html

news.nur.kz

Ілгері Көрушілер саны: 569