Астанада 1 млрд теңгеге салынған мектеп жылусыз қалды

14 қаңтар 2014

Астанада саршұнақ аязда бүтіндей бір мектеп жылусыз қалды. Кезінде білім ошағын тұрғызуға  бюджеттен 1 млрд бөлінген. Алайда қаржы  жылу қазандығын салуға жетпей қалыпты.

Фото: Қазақпарат
Фото: Қазақпарат

Енді оның зардабын мыңнан астам оқушы тартып отыр деп хабарлайды КТК арнасы. Ұл-қыз сабақ үстінде бүрсең қағып сыртқы киіммен отыруға мәжбүр. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар білім ордасына келіп шу шығарды.

Алайда басшы бар кінәні білім ошағын тұрғызған құрылысшыларға жаба салды.

"Жұмыстарды толық аяқтамаған, әсіресе, мынау терезелерді жылылау, ең негізгі мәселе, котельныйдан жылу дұрыс тартылмаған", - деді ол.

Мектепке жылу жақын маңдағы құрылысы аяқталмай қалған балабақша қазандығынан беріліп отыр. Бірақ оның қысымы аз. Соңғы 3 жылдан бері балалар осылай қара суықта сабақ оқуға мәжбүр.

"Мен жібергім келмейді, балаларымды мектепке. Өйткені, 1 ай барады, 1 ай ауырады, кіріңіздер өздеріңіз көресіздер", деп шағымданады Астана қаласының тұрғыны Бақыт Махметова.

Мектеп ішін толық аралауға мүмкіндік болмады. Тілшілерді ғимарат ішіне кіргізгісі келмеген директор бар ашуын дәлізде жүрген ұл-қыздан алды. Сынып ішінде сырт киіммен отырған оқушыларды күртешелерін шештіріп тастаған. Ал директордың "құпиясын" балалар айтып салды.

Астанадағы Көктал кентінде орналасқан №68 мектептің саршұнақ аязда тоңып отырғанын шенеуніктер жақсы біледі. Бірақ құрылысқа деп бюджеттен бөлінген 1 млрд теңгенің қалайша жылу қазандығына жетпей қалғаны түсініксіз. Тек оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/297780.html

news.nur.kz

Ілгері Көрушілер саны: 559