Жоғары оқу орындарының жеті грантын павлодарлық оқушылар - облыстық олимпиаданың жеңімпаздары еншіледі

12 қаңтар 2014

Павлодар облысының 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін олимпиада аяқталды,  деп хабарлады білім басқармасынан.


Білім бәсекесі 15 пән бойынша өткізілді,

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған пәнаралық олимпиада сайысына облыстың қалалары мен аудандарынан 13 команда, сонымен бірге 12 мамандандырылған мектептен 654 жоғары сынып оқушысы қатысты.

Жеңімпаздар үшін басты сыйлық ретінде Павлодар университеттерінде оқудың бес гранты және Инновациялық еуразиялық университетінің екі гранты тапсырылды.

Ал ерекше көзге түскен командалар мен жеңімпаздарға республикалық олимпиадаға қатысу үшін сертификаттар берілді.

1-дәрежедегі дипломдармен 61 оқушы марапатталды, 2-орынға 76 оқушы ие болды, 3-орын 119 оқушыға бұйырды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 563