Қазақтар қырғыздарға мектеп салып бере ме?

13 қаңтар 2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімді және Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң жобасының мақсаты екі мемлекеттің тату көршілік және достық байланыстарын нығайтуды қарастыратын көрсетілген құжаттарды ратификациялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасына қолдау көрсетуі болып табылады. Атап айтқанда, Бішкек қаласында 500 орындық және Ош қаласында 500 орындық мектеп салу және маңайындағы аумақты абаттандыру көзделіп отыр. Мектеп құрылысын жүргізу және қаржыландыру «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылатын болады.

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 533