ОҚО: Сарыағаш ауданында 300 орындық мектеп ашылды
10 қаңтар 2014
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 300 орындық орта мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Білім ошағының құрылысы облыстық бюджет есебінен атқарылған. Бір жылға таяу мерзім ішінде құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген мектептің оқу сыныптары заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған.
«Мұнда балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалып, кітапхана, спорт кешені, асхана, шеберхана, оқу зертханалары қамтылды. Ауыл тұрғындары жаңа ғимараттың ашылу салтанатына көптеп жиналып, жергілікті билік өкілдері мен құрылысшыларға ризашылықтарын білдірді», - делінген баспасөз баянында.
inform.kz




