А.Есімов: ЖОО-лар маман дайындауда қажеттілікті ескеруі керек

12 қараша 2013

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов студенттер қауымымен кездесіп, бірқатар мәселелерді көтерді деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жоғары оқу орындары мамандар дайындауда қажеттілік пен аймақтың ерекшелігін ескеру керек. Себебі кейбір мамандықтар бойынша білім алған түлектер көп, ал оларға сұраныс жоқ»,-деді А.Есімов.

Ахметжан Есімовтың пікірінше, материалдық-техникалық базаның, білікті профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми педагогикалық базаның әлсіздігі, қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеуі -білім саласының негізі пролемалары болып отыр.

bnews.kz

Ілгері Көрушілер саны: 570