• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Вице-премьер ЖОО-ларға ерік беруді тапсырды

8 қараша 2013

ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев жоғары оқу орындарының дербес болуынан қандай нәтижеге қол жеткізілетінін айтып берді.

Фото: artemoni.yvision.kz
Фото: artemoni.yvision.kz

Оның сөзіне қарағанда, бұл үдеріс Қазақстанда біртіндеп жүргізіледі.

"Қазіргі кезде жұмыстар байқаушы кеңестерден басталады, кейіннен заңнамалық деңгейде іске асырылады. Жоғары оқу орындарына автономия беріледі, Білім және ғылым министрлігі оларды басқармайтын болады. ЖОО-лар өз еркімен шешімдер қабылдай алады, оның ішінде академиялық еркіндікке де қатысты", - деді Е. Орынбаев.

Вице-премьердің пайымынша, ҚР БҒМ-ға қарағанда жоғары оқу орындары студенттермен және жұмыс берушілермен тікелей өзара байланыста болғандықтан нарықтың қажеттілігін нақты біледі - деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Инновациялық бағдарламаларды енгізіп, экономиканың қажеттіліктеріне ілесіп отыруы үшін олардың "қолдарын" босату керек", - деді Е. Орынбаев.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/290248.html

Ілгері Көрушілер саны: 608