• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Елордада «Мансап пен білім» тақырыбында тренинг өтеді

7 қараша 2013

16 қарашада Назарбаев Университетінде жұмысқа орналасу үшін өзекті болып табылатын машықтарды қалыптастыру және мансапты жоспарлау бойынша жастарға арналған «Мансап пен білім» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Бұл туралы Жастар ұйымдары одағына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Тренинг аясында стратегиялық жоспарлау, тайм-менеджмент, мақсатты топтар мен клиенттердің қажеттіліктерін бағалау, жобалау менеджменті, тиімді маркетингтік технологиялар, жұмысқа орналасудың негізгі ережелері мен принциптері секілді өзекті мәселелер қаралады. Оқытушылар ретінде «Coca-Cola», «Procter and Gamble», «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Қазпошта» АҚ және т.б. сынды танымал әлемдік және ұлттық компаниялардың бағыттар бойынша сарапшылары мен менеджерлері атсалысады.

Айта кетейік, қазақстандық және халықаралық ірі компаниялардың топ-менеджерлері тренинг қатысушылары үшін шеберлік сыныптарын және бейресми кездесулер өткізеді. Шара жұмысына 50 адам қатысады. Бұдан басқа, қонақтар мен келушілер үшін бірқатар материалдар жиынтықтары, соның ішінде «Табысты жұмысшы құралы» оқу-әдістемелік құралы әзірленіп, таратылады.

Тренинг қорытындысы бойынша жұмыс іздеушілер мен жас мамандар топ-менеджерлердің жетекшілігімен ұлттық компанияларда сынақ ісінен өтеді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 616