• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Елордада студенттердің алғашқы «Жаңа белес-2013» студенттік арнауы өтті

6 қараша 2013

Аш болса да қарыны соңғы үлгіде киінетін студенттер үшін күнде мереке. Алайда, бұл белестің қызығы мен шыжығы өз алдына, күнтізбеде белгіленген халықаралық Студенттер күні тағы бар. Осы атаулы дата қарсаңында Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы алғаш рет елордада ауқымы кең салтанатты кеш ұйымдастырды. «Жаңа белес-2013» деп аталатын жалпықалалық студенттер арнауына қаланың барлық жоғары оқу орындарынан 3000 астам студент қатысты.

"Биыл елордамызға рекордтық көрсеткіштегі студенттер келіп түсті. 21500 адам. Осы студенттердің арасында ең үздігін, белсенділерін жинап, осындай іс-шара өткізіп отырмыз. Мұндай шаралар биылдан бастап жүйелі түрде өткізілетін болады. Негізгі мақсаты елордаға келген жастарымыздың арасында достық қарым-қатынас, бойындағы мәдениеті мен патриоттық сезімін күшейту болып табылады", - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Сөзден іске көшетін заманда өмір сүріп жатқан студенттердің ерлікке деген құштарлығы жоғары, болашаққа деген сенімі мол, арман-мақсатқа жетуге талпынысы зор. Студенттер арнауында осындай белсенді 15 студентке «Жаңа белес-2013» студенттік билеті тапсырылды.

Студент болу - барлық жастың арманы. Ал осы арманына қол жеткізіп, үйден жырақта өмірді танып, өзін танытып жүрген жастарды өнердегі аға-әпкелері құттықтады. 

«Жаңа белес-2013» - бірінші курсқа қабылданған студенттерді бас шаһар өміріне белсене араластырып, шығармашылық әлеуетінің дамуына мұрындық болуды мақсат етеді. Алда мұндай шара дәстүрлі түрде өткізілмек.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 650