• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Орыс мектептеріндегі 274 063 қарадомалақты қалай қайтарамыз?

5 қараша 2013

Бүгінгі таңда заман дамыған, қоғамның көзі ашық, көкірегі ояу әр азамат өзіне ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алар жағдайда. Соның ішінде әр ата-ана өз баласының тағдырына әсер етер таңдаулар жасар алдында ойланатыны анық.

yk-news.kz
yk-news.kz

Таңдау демекші, оған не кіреді деп ойласаңыз, баланың қай тілде сөйлейтіні, қандай ұлт өкілінің болмысын таңдайтынына, қандай көзқарас қалыптасатыны туралы айтып отырмын.

Кейбірі шетел асып, балаларын қымбат мектептерде оқытып жатса, кейбірі осы әсем қала Алматымызда-ақ сан алуан мектептерде оқытып жатыр. Соның ішінде қазақ балаларының орыс мектептерінде білім алуы қатты алаңдатады.

Соңғы деректерге сүйенсек, (ғаламтордан алынған) Республика бойынша қазақ мектебі саны — 3828, орыс мектебі — 1573. Ал бірнеше тілде білім берілетін аралас мектеп саны — 2164. Алматы қаласында таза қазақ мектеп саны 50 болса, таза орыс тіліндегі білім ошағы 76 екен. 52 аралас мектеп, 3 ұйғыр тілінде жалпы білім беретін білім ордасы да бар.

Республика бойынша 2531 045 оқушы мектепте білім алып жатса, соның 1823 042-сі қазақ ұлты. Ал орыс тілінде оқитын қазақ балаларының саны — 274 063. Қазақ тілінде оқып жатқан орыс ұлты — 2969. (Республикалық статистика агенттігінің деректері бойынша).

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де бодандық әбден санасына сіңіп қалған халқымыздың ішінде әлі күнге сол құлдық психологиядан арылмай жүргендер бар.

Өз ана тіліне деген сүйіспеншілік балабақшадан, мектептен бастап қалыптасады. Яғни балаңды орыс сыныбына берсең, ертең ол орысша ойлап, сол тілдің мүддесіне еріксіз қызмет ете бастайды.

Алысқа бармай-ақ өзіміздің бір туысымыздың баласы осы жылы бірінші сыныпқа барды. Орыс мектебіне. Білім жағынан мықты мектеп болса да, келе-келе ол баламен тек орыс тілінде ғана сөйлесетін халге жеттік. Қазақша түсінеді деп айтқанымен, қазақша сөйлесек жауап бермейді. Ол баланың бойына қазақылықтың исі сіңбегендігінде.

Бірақ бір таңғаларлығы, біздің үйдің басқа балалары тіпті қазақ мектебінде оқитын сіңілімнің өзі Әлижан келсе, орыс тілінде сөйлеседі. Қалай үйренгенін мен білмеймін. Ауылда оқитын кішкентай інім де орыс тілінде ап-анық сөйлегенде таңғаламыз. Сонда бір бала орысша сөйлесе, қалғанының бәрі орыс тілінде сөйлегені мені қатты ойландырады. Бала тіптен қай мектепте оқыса да бәрібір ме деген ойға келесің.

Бәрібір қазақ мектебінде оқитын бала мен орыс мектептерінде оқитын балалардың айырмашылығы жер мен көктей. Себебі олардың ойлануы, көзқарастары ерекшеленіп тұрады. Орыс ұлты балаларын тәрбиелегенде ең алдымен баланы бірінші орынға қойып өсіреді. Өзінің пікірін тайсалмай айту, өзінің теориясын дәлелдеп, баланы кішкентайынан өзімшілдікке баулиды.

Қазақ ұлты баланы үлкендердің айтқанымен өсіреді, кішкентайынан жанашыр, бауырмашыл, кішіпейіл, өз басынан гөрі бауырларының қамын ойлатып, соған баулиды.

Орыс баласы есейе келе өзі бөлек шығып, өзінше өмір сүреді. Өз күнін өзі көреді. Ал қазақ баласы әрдайым ата-анасының сөзін құптап, тапқан-таянғанын үйіне беріп, әкесінен кейінгі сол шаңырақтың қамқоршысы болады.

Ата-анасы қартайып, егде тартқан жасқа келсе де, ол сол қалпынан таймайды. Себебі кішкентайынан қамқор болып өседі. Қарттар үйінде де көбінесе орыс ұлтының қарттары. Міне, орыс тілінде тәрбиеленіп, өзге ұлттың болмысын бойына сіңіріп өсірген қазақ бауырларымыз да солардың жолын қуатыны анық.

Байқауымызша, қазір орыстар көбінесе балаларын қазақ мектептеріне беріп жатады. Оларды мен нағыз патриоттар дер едім. Менің байқағаным, қазақ мектебінде оқыған баланың бір ұтары, ол өз ана тілін жақсы біліп қана қоймай, өзге тілдің бәрінде жоғарғы деңгейде оқиды. Ең бастысы тілі бұрмаланып, шұбарланбайды. Өз тіліміз бен діліміз ең басты байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Құлдық сана, құлдық психология. Біздің бойымыздағы бұл сана, бұл психология кейінгі ұрпаққа берілсе, ең қауіпті нәрсе — осы. Құлдардан құралған мемлекет іргесі әлсіз, болашағы бұлыңғыр. Ендеше, мемлекет, ұлт мәселесін ойлаған әрбір қазақ баласын қазақ мектебіне беруі тиіс. Орыс мектебінде оқып жатқан 274 063 баланың ата-анасы, ойланыңыздар. Балаңыз өскенде жағаңыздан алып, өзіңізге дөрекі сөйлеп жүрмесін…

Бүгінгі күннің барлық жаңалықтарын NUR.KZ интернет-порталының қазақ тіліндегі нұсқасында оқыңыздар.

Егер қоғамды елең еткізер маңызды жаңалықтардан құлағдар болып, осындай оқиғалардың куәсі болсаңыздар editor@nur.kz адресіне жазып жіберіңіздер.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/288822.html

Ілгері Көрушілер саны: 640