• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Сарапшылардың 75%-ға жуығы «Болашақ» түлектері Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосады деп санайды

5 қараша 2013

Сарапшылардың 75%-ға жуығы «Болашақ» түлектері Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосады деп санайды. Бұл туралы бүгін елордада «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалау» атты зерттеу нәтижесінің қорытындысын таныстыру барысында мәлім болды.

Зерттеуді «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген болатын. Ал оның қорытындысын журналистер алдында институт басшысы Нұрбек Саясат шығарды.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері өздеріне қойылған үдеден шыға алмады, Қазақстан экономикасына салған үлестері мардымсыз деп есептейтіндер көп. Стипендиаттардың шығарған өнімдері, мамандырылған компаниялары, серпінді жобалары, патенттері, ғылыми жаңалықтары әлі күнге дейін жоқ деген уәж айтады. Оған себеп, стипендиаттардың негізгі бөлігі 30 жасқа дейінгі жас мамандар. Кәсіби еңбек жолын енді-енді бастап жатыр. Олардан бас айналдырар технологиялар, серпінді бизнес идеяларды күту дұрыс емес. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 75%-ға жуығы бағдарлама түлектері Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына үлес қосады деп санайды. Ал түлектердің 85%-дан астамы Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосып отырмыз деп есептейді.

Оның атап көрсеткеніндей, зерттеуге тартылған 100-ге тарта жұмыс беруші де дәл осындай пікірде көрінеді. Зерттеуде белгілі болғанындай, 97,6% түлек «Болашақ» бағдарламасы алға қойған мақсат пен негізгі миссияның үдесіне сай келеді деп есептейді, 97%-дан астамы өздерінің шет елде білім алғаны үмітті ақтады деп санайды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 626