• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстанда ЖОО-лар жекешелендiрілуі мүмкін

30 қазан 2013

Бүгiн Үкiмет отырысы барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов Қазақстандағы жоғары оқу орындарын жекешелендiрудi ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгiнгi күнi ЖОО-лар жоспарлы жүйенiң ескi принциптерiн ұстанып отырғанын байқауға болады. Жоғарғы бiлiм берудi БҒМ реттейдi. ЖОО-лар коммуналдық кәсiпорындар ретiнде жұмыс iстеп, мемлекет атынан белгiлi бiр мемлекеттік қызметтi өте төмен бағамен көрсетуде. Қазiргi уақытта ұлттық, мемлекеттiк ЖОО-лар ең төмен бағамен білім береді",- дедi Сәрiнжiпов.

БҒМ басшысы мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарын жекешелендiрудi ұсынды.

"Оларға дербес қызмет көрсету мүмкiндiгiн берсек, ЖОО-лар арасында да, сонымен қатар нарық шарттарында да студенттердің бәсекеге қабiлеттiлiгін арттыра түспек", - деп өз ұсынысын түсiндiрiп өттi министр.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/287983.html

Ілгері Көрушілер саны: 583