• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Атыраулықтар Уфада білім алады

24 қазан 2013

Жоғары білім алуға, білікті маман болуға ұмтылған талантты, талапты жастар қашанда қолдаудан кенде қалмайды. Соның бірі ретінде Атырау облысынан 30 жастың Уфа мұнай университетіне оқуға түскенін айтуға болады.

Олардың аталған оқу ордасының студенті атануына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қолдау көрсетіпті. Бір кездері осы оқу орнын бітірген өңір басшысы атыраулық жас өрендердің сапалы білім алуы үшін Уфа мұнай университетінің басшыларымен келісім жасапты. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Қазір Уфа мұнай университеті тек Ресей үшін ғана емес, әлемнің 40-қа жуық еліне маман даярлайтын халықаралық деңгейдегі жетекші оқу ордасының біріне айналды. Бұл күндері Уфада еліміздің әр өңірінен бар­ған 200-ге жуық қазақстандық білім алуда.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 599