• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Алматыда БҰҰ-ның халықаралық бөлімшесі ашылады

23 қазан 2013

Ұйымның Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюросының директоры Джихан Сұлтаноғлы Қазақстанның халықаралық бөлімшені ашу туралы бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Мейман ресми сапармен Астанаға келген болатын. Оның Қазақстанға жасаған іссапары Біріккен ұлттар ұйымы мен Қазақстан арасында орнаған байланыстың 20 жылдығы аясында өтуде.

Джихан Сұлтаноғлы, Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰ аймақтық бюросының директоры:

- 20 жыл ішінде Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы мен Қазақстан Үкіметі 70 миллион АҚШ долларын құрайтын 170 жобаны іске асырды. Қазақстан бұл ретте жарқын мысал. Өйткені табысы орташа деңгейден жоғары ел ретінде сіздер даму бойынша аймақтағы көшбасшыға айналдыңыздар. Басқа елдер мұны үйренуі қажет. Өз кезегінде БҰҰ 2050 жылға арналған Стратегияда көрсетілген міндеттерді орындауда жан-жақты қолдау көрсетеді.

24.kz

Ілгері Көрушілер саны: 591