• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанадағы №65 мектеп саңырау және есту қабілеті төмен балаларға арналған заманауи жүйемен жабдықталады

22 қазан 2013

Дүйсенбі күні Астана қаласының сынақтық инклюзивті мектебі шеңберінде есту қабілеті төмен және саңырау балалар үшін тосқауылсыз жағдай жасауында бірегей тәжірибе ұсынылады.

«Дара» қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасындағы Финляндия Елшілігі және Хэйлибери Астана мектебінің қолдауымен №65 мектептің төрт сыныбы жалпы сомасы 3 млн. теңгеден асатын заманауи құрал-cайманмен - ФМ жүйесімен жабдықталады.

Данияда өндірілген ФМ жүйесі тумысынан саңырау және есту қабілеті төмен балалар үшін оқу үрдісі үстінде сөз бен дыбыстарды ұғынуда кедергі болмауын қамтамасыз етеді. Жүйе фондық шуларды жояды, осылайша мүгедек балалардың білім алуындағы қосымша тосқауылдар жойылады.

Құрал-сайманмен жабдықталған төрт сыныптың ресми ашылуы «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің даму жолдары» атты Республикандық конференция шеңберінде өтеді. Конференцияның ұйымдастырушысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ұлттық түзету педагогикасының ғылымы-практикалық орталығы.

Аталған конференция шеңберінде сарапшылар Қазақстандағы инклюзивті білім берудің практикалық жүзеге асыру сұрақтары, педагогикалық кадрларды дайындау мәселесі, мүгедек балалардың әлеуметтену мен қосымша білім алу мүмкіндіктерін жүзеге асыру секілді сұрақтары талқыланады.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 635