• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада кәсіби ІТ білім алуға болады

21 қазан 2013

Елордада «ШАГ» Компьютерлік академиясының қазақстандық филиалы ашылды. Онда әлемнің ақпараттану және компьютер саласында кәсіптік IT-білім алуға болады. Бұл туралы astana.kz сайтына филиалдың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Компьютерлік академияға түскен студенттер желілік технологиялар және жүйелік әкімшілік, бағдарламалық қамтуды әзірлеу және компьютерлік графика мен дизайн сынды үш бағыт бойынша білім алады. Оқыту жүйесі оқу бағдарламаларын әлемдік деңгейде жетекші вендорлардың (Сisco, Microsoft, Oracle, Autodesk және т.б.) кейстарын қосу арқылы үнемі жаңалау үрдісіне негізделген. «ШАГ» Компьютерлік Академиясы - 1999 жылы Одесса қаласында (Украина) негізі қаланған бірегей оқыту орталығы. Бүгінгі таңда Украина, Ресей, Чехия, Эстония және Белорусия елдерінде және Қазақстанда 21 филиалы бар.

Айта кетейік, академияда 40 мыңнан астам түлек пен 15 мыңнан аса студент білім алып, жетістіктерін халықаралық конкурстар мен олимпиадаларда жоғары деңгейде көрсетуде.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 599