• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Миллионер атанған семейлік мұғалім

17 қазан 2013

Семей қаласындағы №1 мектептің биология пәні мұғалімі Светлана Коновалованың еңбегі ерекше бағаланып, оған 1 731 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Семейде 2012 жылдан бастап «Қаланың үздік мұғалімі» байқауы өткізіліп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz

Жуықта осы байқау аясында қаладағы үздік ұстаздарды құттықтауға арналған салтанатты шарада №1 мектептің биология пәні мұғалімі Светлана Коновалованың еңбегі ерекше бағаланып, оған 1 731 000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзден астам мұғалім қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, 44 мұғалім мен 10 ардагер ұстаз бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінде қаладағы мектептерде 3795 педагог қызмет етіп келеді. Мұғалімдер құрметіне ұйымдастырылған аталмыш жиынға мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары да қатысты.

Ілгері Көрушілер саны: 596