• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2014 жылы БҚО-да апаттық мектептер болмайды

16 қазан 2013

Қазіргі таңда облыста апатты жағдайдағы 6 мектеп бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

«Апатты мектептер бойынша алдағы жылы қаражат бөліп, бұндай мектептерді толығымен жоямыз. Атап айтқанда келесі жылы бізде апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептер болмайды», - деді әкім.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, өңірде білім берудің нақтыланған бюджеті 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 37,6 млрд. теңгені құрады. Облыста орта білім жүйесінде 418 мектеп (88,4 мың оқушы) қамтылған. Сонымен қатар өңірде 143 балабақша, 39 «мектеп-балабақша» кешені және 289 шағын орталық жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны - 39, ал ондағы оқушылар 26,3 мыңды құрады.

Мұнымен қоса, облыстағы 3 жоғары оқу орындарында 27,3 мың студент білім алуда. 15-29 жасқа аралығындағы экономикалық белсенді жастар саны 100,1 мыңға жетті.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 623