• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ұлт тарихын тәуелсіз сана тұрғысынан қайта қарау - объективті қажеттілік - Е. Сыдықов

1 қазан 2013

Ұлт тарихын тәуелсіз сана тұрғысынан қайта қарау - объективті қажеттілік. Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов осылай мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тікелей араласуымен Қазақстан тарихшыларына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Бұл - заңдылық. Өйткені, 20 жылдан астам уақыт бойы біз дербес, Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз. Тәуелсіз елдің азаматтары да қалыптасты. Санамыз да тәуелсіз. Олай болса, тарихымызға да қайтадан, тәуелсіздік тұрғысынан, тәуелсіз сана тұрғысынан қайта қарау объективті қажеттілік», - деді Е. Сыдықов.

Оның айтуынша, бір кездері қазақ тарихын терең зерделеуге мүмкіндік болмай, кейбір ұлттық мүдденің фактілері бұрмаланып көрсетілді.

«Сондықтан да, Қазақстанның ұлттық тарихын тереңінен зерделейтін уақыт жетті», - деді Е. Сыдықов.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 560