• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Басты назар - ауыл мектептері мен жастарында - А. Сәрінжіповтің Ақтөбе облысына сапары

30 қыркүйек 2013

Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүрген Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан ауыл мектебіне барды.

 Ведомоство басшысы білім беру жүйесінің қызметіне қарапайым ауыл тұрғындарының көзімен баға берді, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

Аслан Сәрінжіповтің Ақтөбе облысына сапары барысындағы маңызды қадам - ауыл мектебін аралау. Ведомоство басшысы аймақ мектептерінің педагогтары және оқушыларымен кездесу барысында ауыл мұғалімінің жағдайы, үздік білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ауыл мектебінің қажеттілігі жайындағы сұрақтарға жауап берді.

Министр отандық білімнің сапасын арттыру үшін ауыл және қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жойып, сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер қалыптастыру қажет екендігін тілге тиек етті. Алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды қолға алатын болады.

Ведомоство басшысы облыстың кәсіптік білім беру жүйесімен К.Нокин ауылында орналасқан Ақтөбе сервис колледжі, Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе ауылшаруашылық колледжін аралау барысында танысты.

Ол ауыл жастары үшін мемлекеттік тапсырысты көбейту бойынша жұмыс жүргізілетіндігін атап айтты. Мектеп түлектері алғашқы жұмыс мамандықтарын мемлекет есебінен тегін алуы тиіс деп есептейді БҒМ басшысы.

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың тиімді тәсілдерінің бірі дуалдық білім беру жүйесі. Қазіргі таңда 174 колледж және 120 кәсіпорын осы жүйе бойынша жұмыс істеуде.

Министр сондай-ақ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін аралап, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 868