• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстандық университет алғаш рет әлемдік жоғары оқу орындарының үздік 300-дігіне кірді

12 қыркүйек 2013

Жоғары оқу орындары дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау саласындағы танылған беделді QS рейтингі агенттігінің (Ұлыбритания) зерттеулері қорытындысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің 800 таңдаулы университеттерінің арасында 299-шы орынға шықты.

Үздік 300-дікке ТМД елдерінен 3 жоғары оқу орны кірді - олардың арасында ҚазҰУ-дан басқа, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербор университеті бар, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Елдің жетекші жоғары оқу орны әлемдік рейтингіде тез ілгері жылжу белсенді серпінін көрсетіп отыр: соңғы үш жылда университет 350 позицияда жоғары көтерілді. Мұндай елеулі табысқа ҚазҰУ ұжымы нәтижеге бағдарланған кешенді құрылымдық жаңарту жүргізу, кластерлік тұрғыда факультеттерді қалыптастыру, кафедраларды ірілендіру, басқару жүйесін енгізу арқылы қол жеткізді.

Халықаралық жетекші сарапшылардың пікірінше, ҚазҰУ қызметтің барлық бағыттары бойынша сапалық көрсеткіштерін елеулі жақсартты. Университет толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім бағдарламаларына көшті. Жоғары оқу орнының ғалымдары ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізуде, халықаралық деңгейде инновациялық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа технологиялар құрылуда.

Жыл өткен сайын ғалымдардың беделді басылымдарда жарияланған ғылыми жұмыстарының саны арта түсуде. Университет халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлық, әлеуметтік әріптестікті дамыту салаларында да оң серпінге ие болып отыр. Жұмыс берушілер арасында жоғары оқу орнының танымалдығы өсіп келеді. Сонымен қатар QS рейтингісінде ҚазҰУ-дың академиялық ортадағы беделі арта түскені жоғары бағаланған.

ҚазҰУ Мемлекет басшысы алған қойған әлемдік жоғары оқу орындарының үздіктері қатарына кіру, білімге негізделген экономиканың белсенді субъектісі болу жөніндегі тапсырмаларын орындаумен дәйекті жұмыс істеуде.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 590