Павлодарда республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының жеңімпаздары анықталды

10 қыркүйек 2013

Павлодарда республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының облыстық кезеңі өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан мәлімдеді.

Сайысқа жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыттардағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің педагогтары 23 оқу-әдістемелік жиынтық оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік құралдар және ұсынымдар мен дидактикалық материалдар, тесттер жинағын ұсынды.

Сайыс қорытындылары бойынша жаратылыстану-математика бағытында дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Алмас Еркінұлы Ордабаев, ал гуманитарлық бағыт бойынша «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі Азамат Боранбайұлы Шаймұрат үздік деп танылды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 1277