• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Көкшетауда мектеп басшылығы хиджабтағы оқушыларды кіргізбей қойды

6 қыркүйек 2013

Көкшетауда хиджаб үшін шу шықты. Мектеп формасының орнына хиджаб киіп келген 6 және 7 жастағы апалы-сіңілі қыздарға білім ошағының басшылығы орамалдарын шешуді талап еткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ, мұсылман жолымен жүрміз деген олардың ата-аналары бұған үзілді кесілді қарсы. Айтуларынша, қыздарының мұсылман киімін киіп жалпы білім беретін мемлекеттік мекемеге оқуға келуіне ешкім де тиым сала алмайды.

Кішкентай Әмина 1-ші, ал оның сіңілісі София даярлық сыныбына барулары тиіс биыл. Бірақ, мектеп басшылығы оларды үстіндегі киімдерімен қабылдағысы жоқ.

Қыздарын сабаққа хиджаппен жібермеулерін олар ата-аналарына алғашқы күннен-ақ ескерткен екен. Екі қыздың әкесі Андрей Панченконың ұлты орыс. Әйелі қазақ болған соң ислам дінін қабылдаған. Қыздарына да балиғат жасына толмағанына қарамастан хиджап кигізіпті.

"Үйге сынып жетекшісі телефон шалды, егер балалар мектеп формасымен келмесе, кіргізбейміз, бұл директордың ауызша бұйрығы деді. Директор өзі менімен кездесуден қашып жүр. Неге өзіммен ашық сөйлеспейді", - дейді балалардың әкесі.

Балалар бүгін тағы сабақтан қалды. Мұсылманша киінген қыздарын мектеп партасына отырғызу үшін ата-анасы тіпті заңгерін ертіп келген. Сондықтан мектеп директорының олармен кездеспеуіне амалы қалмады.

"Білім туралы заң барлықтарына ол бірдей. Бірақ әр мекеменің Уставы бар. Оған қоса әр мекеменің ішкі ережесі бар", - дейді  Көкшетау қаласындағы №12 орта мектебінің директоры Жанат Хасенова.

Бұған ата-ананың заңгері Ата Заңымыздағы азаматтың діни сенім-наным бостандығы жайындағы бабын көрсетті. Енді дін жолынан тайынбаймыз деген ата-ана мектепті сотқа бермек.

Бірақ қала бойынша, мектеп киіміне бірдей талап қойылады дегенге ешкім сене қоймайды. Мәселен, көрші мектепте аппақ орамалы төгіліп, ұзын жең, кең етек көйлек киген мына қыз балалар емін еркін өзге оқушылармен сабақ алдындағы жаттығуын жасап тұр. Оларға таңырқап қарап тұрған ешкім жоқ.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/280148.html

Ілгері Көрушілер саны: 691