• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Жаңа Білім министрі түйіткілді мәселелерді шешуге уәде берді

5 қыркүйек 2013

Оқулық тапшылығының біразға созылатын түрі бар. Өйткені жаңа тағайындалған Білім және ғылым министрі мәселенің әлі байыбына да бармаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен Аслан Сәрінжіпов туындаған түйткілді жақын күндері зерттеймін деп отыр.

"Министр болып тағайындалғаныма 2-ақ күн болды. Бұл істің барысын жете меңгеріп, оның жауабын өздеріңізге айтамын. Бағдарламамызды дайындап, таяу күндері үлкен мәлімдеме жасаймыз", - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Бақытжан Жұмағұловтың орнына тағайындалған Білім министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздегі оқулықтар тапшылығы ғана емес, білім саласындағы басқа да түйткілдермен білек сыбана күресуге уәде етті.

Нақтырақ айтсақ, ол Өскемен қаласындағы салынбай жарты жолда қалған мектеп құрылысын да басты назарда ұстамақшы.

Ал, бұл мектепке бөлінген 1 жарым млрд теңгені Жұмағұловтың орынбасары Саят Шаяхметов жымқырды деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Құлқыны кең шенділердің кесірінен қазір 700 орындық мектептің орны ғана тұр.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/280034.html

Ілгері Көрушілер саны: 601