• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астана тұрғындарына компьютерлік білім тегін беріледі

3 қыркүйек 2013

Елорда әкімдігі «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрететін тегін курстар өткізеді, деп хабарлайды astana.kz.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Астана тұрғындары бір аптаның ішінде компьютерлік сауаттылықтың негіздерін меңгереді. Күн сайын үш академиялық сағаттан өткізіледі.

Курстар аяқталған соң тестілеу негізінде белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.

Оқыту М.Әуезов к-сі, үй 36 мекенжайы бойынша Астана гуманитарлық-құрылыс колледжінің ғимаратында өтеді.

Сабақтардың өту уақыты: 9.00-11.30, 11.30-14.00, 14.00-16.30,16.30-19.00.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 571