• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

700 оқушы жаңа білім ордасының табалдырығын аттады (ФОТО)

2 қыркүйек 2013

Білім күніне орай Астана қаласының «Жағалау» шағын ауданында жаңа білім ордасы ашылды. Мамандандырылған №71 жаңа мектеп-лицей оқушыларға жаратылыстану-математика бағыты бойынша білім береді. 

Мектеп жобасының бір ерекшелігі – оның ықшамдылығында. Жалпы ауданы 12 700 ш.м. алып жатқан 3-қабатты ғимараттың 24 оқу кабинеті, 400 орындық акт залы, ауданы 245,2 ш.м. 60 орындық оқу залы бар кітапханасы, 126,8 ш.м. ағаш және металл өңдейтін шеберханасы, ауданы 109,2 ш.м. тігін және аспаздық шеберханасы, 356,0 ш.м. 160 орындық асханасы, 276,0 ш.м. гимнастика залы және 422,0 ш.м. спорт залы бар. Мектептің ауласында 1-4, 5-9 сынып оқушыларына арналған 3 ойын алаңы, 5 демалыс алаңы және спорттық ойындарға арналған 9 алаң бар.

«Батығай» тұрғын үй кешені ауданында салынған жобалық сыйымдылығы 1200 орындық мектеп-лицейге алғашқы оқу жылында 700 бала тіркеліп отыр. Тізімге алынған оқушылар негізінен «Жағалау» шағын ауданы, «7 бөшке» тұрғын үй кешені және Сығанақ көшесінің тұрғындары.

Оқушыларды мерекелерімен құттықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің сарбаздары арнайы әскери бағдарламаларымен келіпті. Мектеп-лицейге директор болып тағайындалған Қанат Рахымбеков мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер мен оқушыларға жаңа оқу жылында қадамдарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта елге еңбек сіңірер азаматтар болып жетілуіне тілек білдірді. Жүктелген аса жауапты міндетті адал атқару үшін қолдан келгенін жасайтынын жеткізді мектеп басшысы.

Естеріңізге саламыз, жалпы Қазақстан бойынша биыл 250 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, ал Астанада 12 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр.

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 634