• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Елордада бірінші сынып оқушылары еліміздің Ата заңымен танысады

29 қазан 2013

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында Білім күніне арналған мерекелік сабақ өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражай баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бірінші сыныбының 30 оқушысы Конституция күніне арналған «Білім әлеміне саяхат» алғашқы сабағын өткізеді.

«Болашақ бірінші сынып оқушылары - Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары мектеп табалдырығын аттай отырып, еліміздің Конституциясында жазылған өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білетін болады»,- дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Балаларға арналған мереке 40 минуттық сабақ түрінде өткізіледі, тек математика мен әдебиеттің орнына олар Білім әлеміне қызықты саяхат жасайды, еліміздің негізгі құжатын әзірлеу тарихымен танысады, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ата заңымыздың жобасын жасаудағы рөлі туралы біледі. Мұражай әлеміне саяхат барысында балғындар тәуелсіз Отанымыздың тарихының жарқын тұстарымен танысады.

Балалар Конституция күніне орай мереке қонақтарына арналған вокалдық-хореографиялық композиция дайындады. Бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында өткен алғашқы сабақтан естелік ретінде сыйлықтар мен кәдесыйлар беріледі.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 599