• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Колледждердiң дамуына 380 мың АҚШ доллары көлемiнде гранттар бөлiнбек

28 қазан 2013

Бүгiн ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары арасында институционалдық дамытуға 380 мың АҚШ доллары мөлшерiнде кiшi гранттарды тағайындау бойынша байқаудың басталғандығын хабарлады.

"Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн жаңғырту" жобасы Бүкiләлемдiк банк қарызы шеңберiнде iске асырылуда. Байқау елiмiздiң 9 өңiрiнде: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы мен Астана қалаларында жарияланды. Мамандарды даярлауда озық оқыту технологияларын енгiзгiсi келетiн колледждер өздерiнiң институционалдық даму жоспарын әзiрлеп, Жобаны басқару тобына 10 қыркүйекке дейiн жолдауы тиiс.

"Бүкiләлемдiк банк пен ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Адам капиталын дамытуға бағытталған "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн жаңғырту" жобасы 2011 жылы бастау алды. Оны iске асыруға банк тарапынан 29 млн. доллар несие бөлiндi. Бұл екiжақты әрiптестiктiң ең серпiндi жобаларының бiрi. Бюджеттiң негiзгi бөлiгiн - шамамен 80 пайызын гранттық жүйе бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының институционалдық дамуына бөлу қарастырылған", - дейдi Бүкiләлемдiк банктiң бiлiм беру саласының маманы Әлия Бижанова.

Оның айтуынша, гранттардың негiзгi мақсаты еңбек нарығы мен тұтынушылардың талаптарына жауап беретiн бәсекеге қабiлеттi техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн құруға ықпал ету болып табылады.

"Аталмыш гранттарды жеңiп алған әрбiр колледж 380 мың долларға дейiн қаражат алады", - деп түйдi сөзiн Ә.Бижанова.

Айта кетейiк, Бүкiләлемдiк банк түрлi мемлекеттерге қаржылық, аналитикалық және техникалық көмек көрсететiн қаржылық ұйым болып табылады. Қазiргi уақытта банк әлемнiң 170 елiнде жұмыс жасауда. Қазақстанда оның қызметi 1992 жылы басталған болатын. Бүгiнгi таңда Бүкiләлемдiк банк үкiметтiң экологиялық, экономикалық басқару, бiлiм беру және бәсекелестiктi арттыруға бағытталған жобаларына 6-7 млрд. доллар шамасында несие бөлдi.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 581