• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

32 393 маманға білім гранты берілді

27 қазан 2013

2013-2014 оқу жылында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 35 053 мемлекеттік білім гранты бөлінген, оның ішінде 3 000 грант колледж бітірушілеріне және 2 480 грант дайындық бөлімдеріне арналған.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті. Білім грантын тағайындау байқауына 68 742 адам қатысты. Республикалық байқау комиссиясы 2-9 тамыз аралығында жүргізген байқау нәтижесі бойынша 32 393 білім гранты тағайындалды.

Қазіргі кезде, грант иегерлерінің, сондай-ақ ақылы негізде оқуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттары қабылданып жатыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік тапсырыс бойынша қалған 2 480 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін қазақ диаспораларының өкілдеріне және шетел азаматтарына тағайындалады.

Магистратура мен докторантураға 6 959 және 520 орын сәйкесінше бөлінді.

10-14 тамыз аралығында шет тілі бойынша тестілеу жүргізілді. Тестілеуде барлығы 30 865 адам қатысты, онын ішінде 22 189 (75%) талапкер сәтті тапсырған. Казіргі таңда мамандық бойынша емтихандар жүргізіліп жатыр.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/278650.html

Ілгері Көрушілер саны: 617