• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2015 жылдан бастап Қазақстанда мектептер 12 жылдық білім беруге көшеді

27 қазан 2013

Бұл туралы бүгін елордалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында №54 мектеп-лицейде өткен "Астана мектептерінде 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі" секциясының отырысында белгілі болды.

"12 жылдық білім беруге көшу жағдайында әдістемелік қызметтердің жұмысын жобалау" тақырыбындағы секция 12 жылдық білім беруге көшу кезінде жүргізілген 10 жылдық эксперименттік жұмыстардың қорытындысын шығаруға арналған.

"Астана да басқа қалалар секілді тәжірибеге қатысады. Биыл қаладағы 8 мектептің 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесіне қатысқанына 10 жыл болды, ал 2015 жылдан бастап, балалар бірінші сыныпқа 6 жасынан баратын болады", - деп хабарлады astana.kz сайтына "12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығының" директоры Бақыт Түлкібаева.

Отырыс барысында 12 жылдық білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларын оқыту ерекшеліктері, мұғалімдердің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының негіздері мен міндеттері, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектептерде үйлестіру кеңесін құру, эксперименттік сыныптардағы оқу-танымдық қызметті жандандыру және т.б. мәселелер қаралды.

Секция аясында "Астана мектептерінде 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесі" көрмесі ұйымдастырылды, "Кәсіби білім беру: ересек өмірге қадам" баспа өнімдері және елордалық білім жүйесі туралы фильм көрсетілді.

12 жылдық білім беру кезінде "Қазақ елі" пәні енгізіледі.

Бүгінде 12 жылдық білім беруге көшу бастамасы аясында бастауыш, орта және жалпы білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттарының жобасы даярланды.

Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясы аясында өткен арнайы секцияда 12 жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуші мамандардың бірі, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек мәлім етті.

Оның хабарлауынша, жаңа стандарттар бойынша бала 6 жастан бастап мектепке барып оқиды. Бескүндік оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға баға қою қарастырылмаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минут болмақ. Ал 2-3 сыныпта ол шет тілдерін оқи бастайды.

5-ші класс "өтпелі сынып" болып саналады. Себебі осы кезде баланың кәсіби бейімі анықталады. Сол сыныпта "Қазақ елі" пәні де енгізіледі. Бұл жұмыс 8-ші сыныпқа дейін жалғасады.

9-10-сыныптарда "Мамандық әлеміне кіріспе" атты жаңа пәннің негізінде бейіндік білім беру жүргізіледі.

"Ал 11-12 сыныптарда бұрынғы оқу-өндірістік комбинаттардың тәжірибесі негізінде оқушыларға нақты бір маманның куәлігі беріледі. Осылайша, біз мектеп қабырғасында біраз жұмысты бітіріп, университетте оның қайталануына жол бермейміз. Жоғары оқу орнында мектеп түлегі нақты мамандық бойынша білім алуы шарт", - дейді Ә.Дүйсебек.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/278065.html

Ілгері Көрушілер саны: 666