• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі шуға қатысты басқарма төрайымы түсініктеме берді

27 қазан 2013

Мектепке қатысты Шымкентте ешқандай теңдік бұзылған емес. "Назарбаев зияткерлік мектептерінің" басқарма төрайымы Күләш Шәмшәдинова "31 арнаға" осындай түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетсек, шымкенттік ата-аналар Назарбаев мектептеріне берілген гранттың бөлінуі дұрыс емес деп наразылық танытқан еді.

Олардың айтуынша, қазақ тілінде емтиханнан 370 бала, ал орыс тілінде 70-ақ бала өткен. Ал, қазақ және орыс тілді сыныпқа берілген орын бірдей. Ата-аналар берілетін грант тілдік үстемдікке қарай бөлінуі тиіс деген пікірде.

Бірақ, төрайымның айтуынша, зияткерлік мектептер ашылғаннан-ақ ел оқушыларының 10 пайызын ғана қамтуды мақсат етіпті. Төрайым талап ортақ болғандықтан Шымкенттегі екі мектепке де тиісті грант бөлінді дейді. Ал, шымкенттік ата-аналар мүлде басқа мәселе көтерген еді.

"Шымкентке аз бөлініп отырған жоқ. Ондағы 120 грант бөлініп отыр. Және біздің мектептердің міндеті тек қана жақсы балаларды жинап оқыту емес, ең бірінші экспременталдылығы. Соған байланысты да оқуға қабылдау ережелері дұрыс", - дейді "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/278519.html

Ілгері Көрушілер саны: 581