• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Павлодар Мемлекеттік университетінің қатарын 1700 бірінші курс студенттері толықтырды

26 қазан 2013

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде талапкерлерді студенттер қатарына қосу салтанатты шарасы өтті, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

Тоғыз факультеттің деканы Павлодар Мемлекеттік университетіне оқуға түскен студенттердің есімдерін атады. Барлығы бакалавр бағдарламасы бойынша білім алуға 1700 талапкер қабылданған.

«Павлодар Мемлекеттік университеті - облыстағы ең ірі жоғары оқу орны, ол өмірлерін білім беру және ағарту саласына арнаған жүздеген адамның көп жылдық еңбегінің арқасында құрылып, қалыптасты, - деді студенттік өмірге аяқ басқан талапкерлерге қарата айтқан сөзінде университет ректоры Серік Өмірбаев. - ПМУ - бұл сіздерге өз істеріңіздің сұранысқа ие, табысты, білікті маман болып шығуларыңызға мүмкіндік беретін оқу орны».

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 572