• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қызылорда педагог кадрларын даярлау бағдарламасын қайта қарауды ұсынады

26 қазан 2013

Елімізде педагог кадрларды даярлау бағдарламасын қайта қарау керек. Бұл туралы бүгін облыс мұғалімдерінің дәстүрлі кеңесінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев айтты.

«Бүгінде республиканың орта мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруда Кембридж университетінің деңгейлік бағдарламаларын енгізу шаралары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрлар даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен бағдарламаларын қайта қарауды талап етеді. Жоғары оқу орындарын бітірген мамандарды әлемдік тәжірибемен қаруландыру студенттік қабырғадан басталуы қажет», - деді ол.

Педагогтар даярлауда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамына үлкен жауапкершілік жүктелуде.

«Бүгінде сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, жан-жақты мамандарды дайындау туралы болуы керек. Сонымен бірге мамандар әзірлейтін аймақтағы жеке жоғары оқу орындарына қатаң сараптама жасалуы тиіс», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 560