• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада 30-дан астам білім мекемесінде электрондық оқу тәжірибесі енгізілуде

26 қазан 2013

Елордада 32 білім мекемесі инновациялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Астанада 26 орта мектеп пен 6 колледжде «электрондық оқу» жобасы жүзеге асырылып жатыр, ал № 54 және № 64 мектептердің базасында «Болашақ мектебі - бүгін» ілкі жобасы қолға алынған.

Бұдан басқа, үстіміздегі жылы сәуір айында Еуропалық бизнес ассамблеяның Сократ комитеті Астана қаласының № 60 мектеп-лицейіне «Еуропалық сапа» белгісін табыс етіп, жетекші оқу орталықтарының ресми халықаралық тізбесіне енгізді.

Еске салайық, қалалық мектеп оқушыларының командасы ғылыми жобалардың республикалық олимпиадаларында және республикалық жарыстарында 7 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді. 2012-2013 оқу жылында 182 оқушы халықаралық рейтингтік олимпиадаға, ғылыми конкурстарға қатысып, 148 медаль (бұл 5 жыл бұрынғымен салыстырғанда 7 есеге артық) алған.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 554