• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қызылорда облысында үш ауысымды оқу мәселесі шешімін тапты

26 қазан 2013

Қызылорда облысында үш ауысымды оқу мәселесі шешімін тапқалы отыр. Бүгін облысы әкімі Қырымбек Көшербаев тамыз кеңесінде осыған орай білім саласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш жол картасы мектептердегі бірқатар проблемалардың оң шешілуіне бағытталатын болады.

«Жол картасы бойынша біз ең жақын уақытта білім саласында серпін жасайтын боламыз. Ол осы саланың жалпы қарқынды дамуын қамтамасыз ететін болады», - деді Қ.Көшербаев кеңесте.

Мұнда басты үміте жаңа оқу жылында ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектебіне артылып отыр.

«Бұл мектептің қызметі әлемдік білім берудегі ең үздік әдістемелерді жинақтап, қорытуға бағытталған. Аталған мектеп тәжірибесіне сүйене отырып және оны облыстағы орта білім беру жүйесіне тарату арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз», - деді аймақ басшысы.

Тағы бір жақсы жаңалық, облыста осы уақытқа дейін өзекті болып келген үш ауысымды оқу мәселесі шешімін тапты.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 559