• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ақтөбе облысының үздік мектептері 4,9 млн. теңгеге дейін әкім гранттарына ие болды

21 қазан 2013

«Нұр Отан» ХДП филиалының ғимаратында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті.

Жиын барысында білім беру мекемелерінің өткен оқу жылында атқарған жұмыстары қорытындыланып, облыстың үздік мектептері мен мұғалімдері ақшалай гранттар және сыйақыларға ие болды.

Білім басқармасының басшысы Жанат Самұратованың сөзіне қарағанда, жалпы биылғы жылы білім беру саласында айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткізілген. Сонымен қатар ол білім берудің жаңа стандарты - 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту, информатика пәнін оқытып бастауды 7-сыныптан 5-сыныпқа көшіру, математика пәні бойынша сағаттар санын көбейту және т.б. жайлы баяндады.

Шара барысында облыс әкімі оқу-тәрбие жұмысы, ҰБТ нәтижесі бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік мектептер мен мұғалімдерге гранттар және сыйақылар табыс етті.

Атап айтқанда, облыстың 10 білім беру мекемесінің еңбегі атап өтілді, олардың арасында М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған интернат, №21 орта мектеп, №32 мектеп-гимназия 4,9 млн теңге көлемінде грантқа ие болса, қалған мектептер 800, 500 және 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Облыстың 91 мұғалімі 50-100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 579