• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Google өз жүйесіндегі қазақ тілді аударма сапасын тестілеуді бастады

21 қазан 2013

Жақында Google компаниясы арнайы тестілеу бөлімін құрып, қазақ және ағылшын тілдерін білетін қолданушылардан Google Translate командасына қазақ тілін жүйеге қосу мақсатында көмек көрсетулерін сұрады. Бұл туралы "WikiBilim" қоғамдық қорынан хабарлады.

Google Translate-ке қазақ тілін қосу жобасының бастамашысы ретінде "WikiBilim" қоғамдық қоры ана тілінің жанашырларын Googl-дің аударма нұсқаларына белсенді түрде баға беруге шақырады.

«Сізге қалауыңыз бойынша қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе керісінше бағытта жасалған қысқа сөйлемдердің аудармасына баға беру ұсынылады. «Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттандырарлық» немесе «Нашар» деген белгілерді басу арқылы ұсынылған аудармаларға баға бере аласыз. Бір сөйлемге баға беру бір минуттан артық уақыт алмайды. Мүмкіндігінше көп сөйлемнің аудармасына баға беруге тырысыңыз. Бұл қазақ тілін жүйеге тез қосуға және аударма сапасын жақсартуға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Google Translate-ке қазақ тілін қосу - интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 557